Жарияланған күні: 06.03.2019 16:17
Өзгертілген күні: 06.03.2019 16:18

Қазақстандағы тон нарығы таңбалаудан өтті. Енді тон, желетке, бас киімдерді таңбалаусыз сатуға қатаң тыйым салынады. Қазақстанда тері өнімдерін таңбалау 2017 жылдың қарашасынан бастап, 2018 жылдың тамызына аралығында жүргізілді. Бұл жұмыс заңсыз бизнесті көлеңкеден шығаруға бағытталған. Таңбалаудың болуы – сатып алушы үшін де жақсы. Бұл сатып алынатын заттың сапасына кепіл береді. Қазақстанда тері өнімін бақылау-идентификациялық белгісіз сатуға тыйым салынған. Тері өнімін сатып алған кезде кез келген сатып алушы тауардың заңдылығын тексере алады.Мобильді қосымшаға QR-код немесе идентификациялық белгіні қолмен теріп енгізу арқылы тері өнімі жайлы ақпаратпен танысуға болады.     Арнайы бағдарламаны тегін пайлануға болады.

         Салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау енгізілген уақыттан бастап сауда айналымында тек қана бақылау белгілері бар тері бұйымдары бола алады.

         Сонымен қатар, салық төлеушілерге мәлімет үшін, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтында қызметі бөлімінде тері бұйымдарын таңбалау бойынша нұсқаулықтар мен заңнамаларды табуға болатынын хабарлайды.

Егер кімде-кім таңбаланбаған тері өнімін сатуға куә болса, немесе Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сенім телефоны– 53-84-27 бойынша  хабарлауыңызға болады. Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы – 50 37 86.

         «Тауарларды таңбалау» жүйесінде жұмыс жасауға қатысты сұрақтар бойынша - 1414 біріңғай Байланыс орталығына жүгініңіз;

         Тері бұйымдарын таңбалау туралы ақпарат «Атамекен» ҚР ҰКП-ның сайтында да (http://atameken.kz/) ораналасқан. 

                                                                  БҚО бойынша МКД