Жарияланған күні: 13.07.2018 17:09
Өзгертілген күні: 13.07.2018 17:10

     Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінде қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер (салық агенті) салықтық есептілікті әрбір қызмет түрi бойынша және салық режимі бойынша бөлек жасайды.

     Сауда базарларында немесе сауда орындарында сауда орындарын жалға берумен айналысатын тұлғалар жалға берілген сауда орындары туралы 871,000 нысанды жалға беру келісім шарттарының тізілімін тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жыл сайын келесі жылдың 31 наурызына дейін ұсынуы тиіс.

     Салық есептілігі тізілімнің өзінен (871.00-нысан) және Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес есепті кезең үшін сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеушілердің жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мәліметтерді көрсетуге арналған оған қосымшадан (871.01-нысан)  тұрады.

     Егер салық төлеушіде бірнеше сауда объектілері, оның ішінде сауда базарлары болса, 871.01- нысаны бойынша  қосымша әрбір сауда объекті, оның ішінде сауда базары бойынша жеке толтырылады.

     «Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі (871.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы «12» ақпандағы №166 бұйрығына 65-қосымшамен бекітілген.

 

БҚО бойынша МКД