Жарияланған күні: 06.11.2017 18:50
Өзгертілген күні: 06.11.2017 18:52

         Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін камералдық бақылау жүргізілмей оңайлатылған тәртіппен тоқтатусалық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш негізінде немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтықөтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзегеасырылады:

         Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 43-1 бабының 2 тармағына сәйкес оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде салық төлеуші бір мезгілде мынадайшарттарға сәйкес келуі тиіс:

1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

3) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызметтүрлері бойынша табыстар мен шығыстардың, мүліктің бөлек есепке алынуын қолданатын бірыңғайжер салығын төлеушілер болып табылмайтын;

4) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзегеасырмайтын;

5) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде салықтық тексерулержоспарында жоқ;

6) салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оралмандарболып табылатын дара кәсіпкерлер.

Салық міндеттіліктері талап қоюдың ескіру мерзіміішінде, яғни бес жыл ішінде орындалуы тиіс.

Қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жері бойыншасалық органына бір мезгілде:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

2) таратудың салық есептілігін;

3) осы Кодекстің 648-бабында белгіленген тәртіппен бақылау-касса машинасын (ол болғанкезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етеді.

Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе)салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердіңтүрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары,әлеуметтік аударымдар бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңініңбасынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

             Кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде таратудың салық есептілігінде көрсетілгенсалықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмейжүргізіледі.

         Салық органдары салық міндеттемелерін орындаған күннен бастап үш жұмыскүнінен кешіктірмей дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асырады және уәкілеттіорганның интернет-ресурсында дара кәсіпкердің тіркеу есебінен шығарылғаны туралы ақпараттыорналастырады.

Бұдан бөлек дара кәсіпкерлердің қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату төмендегідей жағдайларда да жүргізіледі:

1) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын және патенттiң қолданылумерзiмi өткен немесе қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыскүн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген;

2) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңіаяқталғаннан кейін Салық  Кодексінде белгіленген салық есептілігін табыс ету мерзімі өткен күнненбастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген жағдайда.

Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару оның орналасқан жері бойынша салықорганыен мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда жүргізіледі:

ҚР Салық кодексінің 43-1 бабының 2-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде;

салық органында тіркеу есебінде тұрған бақылау-касса машинасы болмаған жағдайда;

         қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған күннен бастап күнтізбелік алпыскүн ішінде патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген жағдайда және салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрған және қызметті тоқтата тұру кезеңіаяқталғаннан кейін күнтізбелік алпыс күн ішінде салық есептілігін табыс етпеген жағдайда.

Дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығару туралыақпарат үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсындаорналастырылады.

 

 

БҚО бойынша МКД