Жарияланған күні: 28.02.2020 17:36
Өзгертілген күні: 28.02.2020 17:37

Қазіргі уақытта ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікқұралдарын тіркеуге мүмкіндігі жоқ көлік иелеріне заңнамамен 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша әкелінген көлік құралдарын уақытша тіркеуге мүмкіндік берілгеніне назар аударамыз.

Уақытша тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды және басқа адамдарға пайдалану мен иеліктен шығару құқығынберуге шектеу қою арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, уақытша тіркеу үшін мемлекеттік тіркеу үшін алым және мемлекеттік баж талап етіледі.

Сонымен, тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған мемлекеттік қызмет көрсету орталығына көлік құралынуақытша тіркеуге қою үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1. жеке куәлік;

2. көліктің бұрынғы нөмірі;

3. меншікті растайтын құжаттар;

4. төлем үшін түбіртектер: бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін алым, мемлекеттік нөмірлер мен техникалық төлқұжаттарды дайындағаны үшін мемлекеттік баж.

Бастапқы тіркеу жарнасының мөлшері автомобильдің жасына байланысты:

- екі жылға дейін - 0,25 АЕК (662 теңге);

- екі жылдан үш жылға дейін  - 50 АЕК (132 550 теңге);

- үш жылдан жоғары - 500 АЕК (1325,500 теңге).

Техникалықпаспорттыжасағаныүшін мемлекеттік баж - 1,25 АЕК
(3 313 теңге), мемлекеттік нөмірді өндіргені үшін - 2,8 АЕК (7 422 теңге).

Уақытша тіркеу автокөлік иелеріне 2021 жылдың 1 наурызына дейін залалсыздандыру ақысы мен кедендік төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді. Осы төлемдер төленгеннен кейін көлік құралы үнемі тіркеуге қойылады.