Жарияланған күні: 19.11.2018 12:24
Өзгертілген күні: 19.11.2018 12:36

     2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында кедендік реттеу туралы» № 123-VI Кодексінің (бұдан әрі– Кодекс) 5-бабына сәйкес кедендік бақылау тауарларды кедендік декларациялау  кезінде тек кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін,  кедендік бақылау не (немесе) шаралар түрін анықтайтын автоматтандырылған тәуекелдер жүйесін басқару  (бұдан әрі –ТЖБ) негізінде жүргіщіледі.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі–Бұйрық№ 73) №73 бұйрығына сәйкес ,  тауарларға арналған электрондық декларация түрінде (бұдан әрі– ЭТД)  тіркелгеннен кейін онда мәлімделген мәліметтерді тексеру үшін мемлекеттік кірістер органы ақпараттық жүйе арқылы кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету шараларын айқындау мақсаттары үшін  «Дәліздер» жүйесін  қолданумен кедендік және салық әкімшілендіру «АСТАНА-1» АЖ  және тәуекелдерді басқару жүйесін қолданады.

      «АСТАНА-1» АЖ кедендік декларацияларды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады.

     ТД шығаруға бақылау функциялары  мемлекеттік кірістер органының уәкілетті лауазымды тұлғасымен (бұдан әрі – УЛТ) аумақтық мемлекеттік кірістер органының регламентіне сәйкес белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

     ТЖБ «Дәліздер» жүйесі  тауарларды декларациялау кезінде кедендік бақылауды қамтамасыз ететін  түрлі кедендік бақылаудың түрлері мен шараларынан  құралады  және оның 4 түрінен тұрады :

1) «Жасыл дәліз» - ЭТД арналған, бұнда тауарларды кедендік тазалау кезінде тәуекелдерді төмендету бойынша кездейсоқ тәсілі қосылатын ТБЖ кепілдемесе болмайды. «Жасыл дәлізге» ТБЖ жолданған ЭТД«АСТАНА-1» АЖ УЛТ қатынасуысыз  автоматтық түрде шығарылады.

Осы көрсетілген ЭТД қатысты Қазақстан Республикасының кеден және өзге занамасынының, Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамамасының бұзылу мүмкіндігін растайтын ақпараттар болған кезде,  тауарлар шығарылған соң ТБЖ қолданумен кедендік бақылау жүргізіледі.

2) «Сары дәліз» - ЭТД арналған, бұнда тауарларды кедендік тазалау кезінде Кодекстің 410-бабына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін басталған кеден және өзге де құжаттарды тексеру шегінде ТБЖ кепілдемесіне сәйкес Кодекстің 195-бабы бойынша   кедендік баждар, салықтар, арнайы, антидемпинг, компенсациялық баждарды  төлеу бойынша  міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынумен, тауарды шығару мүмкіндігімен құжаттамалық бақылдауды жүргізуге шешім қабылданады.

ТБЖ  кедендік бақылау түрі не (немесе) шара анықталған жағдайда,  «АСТАНА-1» АЖ арқылы декларантқа немесе кеден уәкіліне ТБЖ кепілдемесе бойынша кедендік бақылау тағайндалғаны туралы хабарлама жолданады.

Декларант немесе кеден уәкілімен ұсынылған құжаттарға кедендік тексеру, Кодекстің 410-бабына және №73, бұйрықтың 2-бөлігі, 3- тармақшасына сәйкес  жүргізіледі.

Дұрыстығы  расталу не (немесе) ұсынылған мәліметтер толық болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органы  Кодекстің 192-бабына сәйкес тауарларды шығарады және шығару «Жасыл дәлізі» арқылы ЭДТ жүзеге асырылады.

Егерде, тарифтік және тарифсіз реттеу шараларына ықпал ететін,  сұратылған құжаттармен ЭТД мәлімделген ақпаратты расталмаған жағдайда, Кодекстің 195-бабының талаптарын сақтаумен тауарды шығару мүмкіндігі, сондай-ақ  кедендік баждар, салықтар, арнайы, антидемпинг, компенсациялық баждарды  төлеу бойынша  міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынумен, тауарды шығарғанға дейін  «АСТАНА-1» АЖ арқылы декларантқа немесе кеден уәкіліне хабарлама жолданады.

 Тауарларды шығарғанға дейін басталған кедендік, өзге құжаттардың не (немесе) мәліметтердің  иексеруін аяқтау үшін УЛТ  тиісті тексеруді жүргізуге жауапты уәкілетті құрылымдарға хабарлама жодайды және «Көк дәлізі» арқылы ЭДТ қайта жолданады. 

Құжджаттарды және мәліметтерді тексеру қорытындысы бойынша  тыйым салу мен шектеулер тәртібінің сақталмау  туралы күмән болған жағдайда, УЛТ  Кодекстің 413-бабы, 2-тармақшасына сәйкес кедендік қарау не тексеріп қарау  бойынша әрекеттерді жүзеге асырады және  «Қызыл дәлізі» ЭДТ ауыстырады.   

ТБЖ анықталған тәуекелдерді төмендету бойынша  қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша УЛТ мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде  тәуекелдерді төмендету бойынша  қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша есеп толтырады.

3) «Көк дәліз» - ЭДТ арналған,  бұнда тауарларды кедендік тазалау кезінде Кодекстің 410-бабына сәйкес тауарлар шығарылғанға дейін басталған кеден және өзге де құжаттарды тексеру шегінде ТБЖ кепілдемесіне сәйкес Кодекстің 195-бабының 2-тармақшасына  сәйкес  кедендік баждар, салықтар, арнайы, антидемпинг, компенсациялық баждарды төлеу бойынша  міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай, Кодекстің 195-бабына сәйкес тауарды шығару мүмкіндігімен құжаттамалық бақылдауды жүргізуге шешім қабылданады.

ЭТД автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен «Көк дәлізге» жолданған кезде, мемлекеттік кірістер органы «АСТАНА-1» АЖ арқылы  декларнтқа немесе кеден уәкіліне ТБЖ кепілдемесіне сәйкес Кодекстің 195-бабының, 2-тармақшасына  сәйкес  кедендік баждар, салықтар, арнайы, антидемпинг, компенсациялық баждарды  төлеу бойынша  міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай, тауарды осы дәлізде шығарылатыны туралы хабарлама жолдайды.

Сұратылған құжаттар ұсынылған және тауар шығарылған дейін басқа түрдегі кедендік бақылаудың,  соның ішінде кедендік сараптама, тексерудегі мәліметтердің дұрыстығын не (немесе) толықтығын растайтын басқа түрдегі кедендік бақылау аяқталғанда, УЛТ Кодекстің 192-бабына сәйкес  тауардың шығарылуын жүзеге асырады.

Егерде, кедендік баждар, салықтар, арнайы, антидемпинг, компенсациялық баждар мөлшеріне әсер ететрін   сұратылған құжаттарда қажетті мәліметтер болмаған немесе ЭТД мәлімделген мәліметтер сәікесті түрде расталмаған жағдайда, УЛТ  «АСТАНА-1» АЖ арқылы декларантқа немесе кеден уәкіліне ЭТД мәртебесі ауыстырылғаны  туралы хабарлама жолдайды.

Камералдық кедендік бақылауды өткізу   туралы мемлекеттік кірістер оганының басшысы, немесе басшы орынбасарының шешімі қабылданған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде   Пост кедендік бақылау құрылымының УЛТ тексеру жүргізілетін тұлғаны  Кодекстің 426 -бабына сәйкес кедендік бақылауға қажетті  не /немесе құжаттамалық, не /немесе  мәліметтік тексеруді жүргізу туралы хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.

Тексерілетін тұлға кедендік бақылауды жүргізу үшін  қажетті құжаттар не /немесе  мәліметтерді хабарламаны алған соң, 10 жұмыс күннен кешіктірмей ұсынады.

Камералдық кедендік бақылауды аяқтау үшін ұсынылған құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, пост-кедендік бақылау құрылымының УЛТ үш жұмыс күні ішінде  сәйкесті сұраныстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және өзге мемлекеттерге- Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерге, шетел мемлекеттерге жолдайды.  

Пост кедендік бақылаудың УЛТ кедендік тексеруді Кодестің 417- бабына сәйкес  тәртіпте аяқтайды.

Сәйкестікті бағалау  бойынша құжаттарды тексергенде, егерде ЭТД УЛТ «Сары дәлізден»  «көк дәлізге» жолданса, сәйкестікті бағалау бойынша құжаттардың ұсынылу мерзімін  УЛТ Кодекстің 202-бабының, 5-тармағына  сәйкес жүргізеді.

Көрсетілген мерзімде сәйкестікті бағалау  бойынша құжаттар ұсынылмаған  немесе ұсыну мерзімі ұзартылмаған  жағдайда,  УЛТ Кодекстің 412-бабы, 2-тармағына сәйкес   тауарларды кедендік тексеріп қарау бойынша әрекет жасайды және тауарға арналған декларацияны  «қызыл дәлізге» ауыстырады.

Сәйкестікті бағалау бойынша құжаттарды тексергенде  сұратылған құжаттар мерзімінде ұсынылған жағдайда, УЛТ бақылаудан алу бойынша әрекеттер жасайды.

4) «Қызыл дәліз» - ЭТД арналған, бұнда ТБЖ кепілдемесіне сәйкес кедендік тазалау кезінде Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одағының заңнамасымен көзделген кедендік бақылауды (кедендік қарау, кедендік тексеріп қарау, кедендік  сараптама) және  басқа да шараларды қамтамасыз етеді.

Егерде, ЭТД ТБЖ «қызыл дәлізге» жіберілсе, УЛТ кедендік бақылауды қамтамасыз ететін кедендік бақылау (кедендік қарау, кедендік тексеріп қарау, кедендік  сараптама) тұрлері мен шараларды қолданады.

Кедендік қарау (тексеріп қарау) туралы уақыты мен орны  жөнінде  хабарлама  декларантқа немесе кеден уәкіліне «АСТАНА-1» АЖ электрондық поштасы арқылы жолданады.

Тауарларды кедендік қарау (тексеріп қарау) кезінде  әкімшлік құқықбұзушылық белгілері анықталған жағдайда, УЛТ тез арада мемлекеттік кірістер органының басшысын, немесе оның міндетін атқарушыны  анықталған бұзушылық жөнінде жазбаша түрде хабардар етеді, және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқықбұзушылық  туралы» (бұдан әрі– ӘҚБтК) № 235 Кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

Тауарларды кедендік қарау (тексеріп қарау) қорытындысы бойынша қылмыстық  белгілері бар бұзушылықтар анықталған жағдайда,  УЛТ бұндай бұзушылықтар  туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органының сәйкесті құрылымына жолдайды.

Кодекстің 201-бабы негізінде УЛТ шарттарды орындамаған кезде, Кодекстің 194- бабымен қарастырылған  тәртіпте тауарды шығарудан бас тартуға құқылы.

Кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін кедендік сараптаманы жүргізуге қажеттілік болған жағдайда, УЛТ Кодекстің 54- тарауымен анықталған әрекеттерді жүзеге асырады.

Кедендік сараптаманы тағайындау туралы хабарлама  декларнатқа немесе кеден уәкіліне «АСТАНА-1» АЖ электрондық поштасы арқылы жолданады.

 «Қызыл дәліздегі» тауарды шығару УЛТ Кодекстің 196-бабында келтірілген ережелерді ескерумен, 193-баппен белгіленген мерзімде «АСТАНА-1» АЖ арқылы жүзеге асырылады.

Кодекстің 201-бабы негізінде, УЛТ Кодекстің 196-бабымен қарастырылған  тәртіпте тауарды шығарудан бас тартуға құқылы.