Жарияланған күні: 31.03.2017 15:48
Өзгертілген күні: 31.03.2017 16:06

      Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына сәйкес  «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеулер қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурсты өткізудің  шарттары мен тәртібін хабарлайды:

Конкурсқа Заңның 6-бабының 1-тармағында және 10-бабында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін, конкурс туралы хабарлама жарияланған соң мемлекеттік кірістер органдарының адам ресурстары бөлімшелеріне (бұдан әрі – кадр қызметі) «Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеулер қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі» осы қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Конкурс кезеңдеріне жіберілген азаматтар бос лауазымға орналасатын конкурс үміткерлері (бұдан әрі - үміткерлер) болып табылады.

Конкурстық комиссия үміткерлердің берген құжаттарын қарайтын алқалы орган болып табылады, әңгiмелесу өткізеді және бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады.

  1. Конкурс:
  1. конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды;
  2. конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдауды;
  3. конкурстық комиссияның конкурсқа қатысушыларды Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында және 10-бабында көрсетілген белгіленген талаптарға, біліктілік талаптарына сәйкес келуін қарауды;
  4. дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруды;
  5. қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландыруды, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуді;
  6. үміткерлермен конкурстық комиссия өткізіп жатқан әңгімелесуді;
  7. конкурстық комиссияның қорытынды отырысын қамтиды.

Заңның 6-бабының 1-тармағында және 10-бабында көрсетілген талаптарға, біліктілік талаптарына сәйкес келетін үміткерлер конкурстың алдыңғы кезеңдерін табысты өткен кезде конкурстың кейінгі кезеңіне жіберіледі.

  1. Конкурсқа қатысу шығыстарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) азаматтар өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзедi.
  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттік кірістер органының кадр қызметіне мынадай құжаттарын тапсырады:

1) Өтініш;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;

4) бiлiмi туралы құжаттардың (диплом мен қосымшаның) көшiрмесiн;

 5) әскери қызмет өткерген немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылғаны туралы құжаттарының көшiрмесiн;

6) өлшемі 3х4 фотосуретін (4 дана);

7) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған және А4 форматында басылып шығарылған өмірбаянын;

8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;

9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының соттылығы, бір жылдың ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде әкімшілік жауапкершілікке, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы анықтама;

10) үміткердің және оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыстары мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғанын растайтын құжаттар;

11) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан заңнамаларға біліктілігін тестілеуден шекті деңгейден төмен емес нәтижеде өткендігі туралы сертификат;

12) құжаттар тапсыру сәтінде жарамды мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті органнан жеке құзыреттерін бағалаудан өткендігі туралы қорытынды.