Жарияланған күні: 22.04.2019 17:08
Өзгертілген күні: 22.04.2019 17:10

Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес.

 

          Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі мемлекет саясатының басты бағытының бірі болып табылады. Бұл бағытта мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар қолға алынған; атап айтқанда Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қабылданды.

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің алдында тұрған барлық басты мақсаттарының орындалуы үшін салық қызметінің жоғары деңгейлі маман, сауатты қызметкерлер, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жоғары көтеру  жұмыстары жүргізіліп отырылуы қажет.

        Азаматтық қоғам институттарымен біріге отырып, салық төлеушілермен социалдық сұрақ өрісінде салық органдарында әртүрлі қызмет өрісінде проблемалық көзқарастарды шешу, оның ішінде жемқорлыққа қарсы күрес те қолға алынды.

        Осыған байланысты Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сенім телефоны жұмыс жасайды, мекемеде барлық жерде бейне камералары орналасқан. Бейне камералары басқарма қызметкерлерінің жұмыста іс-қимылын қадағалап, жәшіктер, шағым және ұсыныс жасау кітабы, электронды салық қызметін жүзеге асыру негізінде салық қызметкерлері мен салық төлеушілердің тікелей қарым-қатынастары азайтылған.

        Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізу негізінде Ішкі қауіпсіздік  басқармасының мамандарымен кездесу әрдайым жүргізіліп тұрады. Бұл кездесулерде басқарма қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайлар жөнінде ақпараттармен таныстырады. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерімен өткізілетін оқуларда Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа да мемлекеттік мекемелерде тіркелген жемқорлыққа қатысты деректермен таныстырып, бұндай жағдайлардың өз жұмыс орындарында болдырмауларына бейімдейді.

Мемлекеттік кірістер органдарында жемқорлыққа қарсы күресті жоғары сатыға көтеру стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Бұл үшін Басқарушылық жұмыс жүйесін жоғары деңгейге көтеріп,тәуекелділік көрсету керек.

      Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен қатар салық төлеушілерге де сыбайлас жемқорлыққа төзімділік танытпауды ұғындыру арқылы мемлекеттік кірістер органдарының қызметінің беделін көтеру, жалақы төлеу жағдайларын жетілдіру, салық төлеушілердің салықтық мәдениетін көтеру, құқық қорғау органдарымен, азаматтық институттармен бірлесе отырып алға жүргізу.

     Алға қойылған тапсырмаларды нақты орындау барысында салық төлеушілер ішінде және мемлекеттік кірістер органдарында өз араларынан алыстатуға тәрбиелеу, басқарма қызметкерлерінің беделін көтеріп, салық төлеушілердің сеніміне кіріп, мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері жағынан қиянат жасауға итермелейтін мүмкіндіктерді азайту, Басқарушылық жұмыс жүйесін жоғары деңгейге көтеру тәуекелділігін, бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуін көтеруге қол жеткізеді.