Жарияланған күні: 22.04.2019 17:00
Өзгертілген күні: 22.04.2019 17:01

Мемлекеттік қызметкердің өз қызметтік өкілеттілігін орындау барысында сыйлықтарды алу практикасын жою туралы

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты:

1) мемлекеттік қызметшілерден және қызметі бойынша тәуелді өзге де тұлғалардан (бағыныстылар, есеп беретін ұйымдардың қызметкерлері және т.б.);

2) тұлғасы тиісті функцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан (өтінішпен жүгінген бақылау субъектілері және т.б.);

3) жалпы қамқорлығы үшін (негізсіз лауазымға тағайындау, көтермелеу төлемдеріне, марапаттауға ұсыну және т.б.);

4) қызмет бабында бетімен кетушілік үшін (бұзушылықтар анықталған жағдайда жауаптылық шараларын қолданбауға келісу және т.б.) сыйлықтар қабылдауға жол берілмейді.

«Кейбір сыбайлас жемқорлық қылмыстарды қарау практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 8 нормативтік қаулысына сәйкес Лауазымды адамның оның қызметтік құзыреті шегінде жасауға құқығы бар және (немесе) жасауға міндетті әрекеттерді оның қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттер деп түсінген жөн. Адамның оған бағынысты немесе оның қызметтік өкілеттігі жүретін өзге де адамдардан қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені, оның құзыретіне кіретін мәселелерді оңынан шешкені, сондай-ақ алдағы уақытта шешілуі мүмкін мәселелер үшін ақшалай қаражатты немесе өзге де құндылықтарды алуы пара алу деп бағалануға тиіс.

          Демек, мемлекеттік қызметші сыйлау себептеріне қарамастан (мерекелік күндер, туған күн, қызмет бойынша көтерілуі, жұмысқа тұруы және т.б.), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құны мен өзге де сипаттамаларына (конфет, торт, кәдесый және т.б.) бағынысты тұлғалардан немесе оның қызметтік уәкілеттігі жүретін өзге де тұлғалардан сыйлық қабылдауға құқығы жоқ.

          Одан басқа, мүліктік пайда, игілік және артықшылықтар алу үшін ресми тұлғаларға сыйлықтар беруге және қызметтік емес қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

          ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу және сақтау қағидаларына сәйкес мынадай:

  1. мемлекеттік қызметші білмей түскен;
  2. жариялы немесе ресми іс-шаралар уақытында берілген (табыс етілген) сыйлықтар алынған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде ерікті түрде арнайы қорға тапсырылады.

Жеті күндік мерзімнің (шотына білмей түскен ақша бойынша – екі апталық мерзім) бұзылуы, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты сыйлықтарды қабылдау қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін негіз болуы мүмкін.

Бұл ретте сыйлықты бірінші рет алу (құны 2 АЕК немесе 4 242 тг. кем емес) бұрын жасалған заңды әрекеттерi үшiн сыйлық алу туралы алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызды болмауына байланысты қылмыс болып табылмайды. Алайда бұл мемлекеттік қызметшіні кемсітетін әрекет (теріс себептермен жұмыстан босату) жасағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК «Заңсыз материалдық сыйақы алу» 677-б., айыппұл – 600 АЕК немесе 1 272 600 тг.), сондай-ақ тәртіптік жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Бұл шектеулер мемлекеттік қызметшіге «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес көтермелеу ретінде табыс етілген бағалы сыйлықтарға қолданылмайтынын атап өту керек.