Жарияланған күні: 07.12.2018 18:18
Өзгертілген күні: 07.12.2018 18:24

     "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын Мемлекет басшысы таныстырды. Қазақстанның цифрлануы-экономиканың өсуі. Ол атап өткендей: "мемлекеттік органдардағы процестерді цифрландыру, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылы маңызды болып табылады. Цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажет.

     Осылайша, мемлекеттік кіріс органдарында бизнесті цифрландыру элементтерінің бірі-бұл кассалық аппараттарды ауыстыру, яғни бүгінгі күні салық төлеушілер кәдімгі кассалық аппараттарды пайдаланады, бірақ мемлекеттің мақсаты бизнестің онлайн режимінде жұмыс істеуі және кәсіпкердің өзінің кассалық аппаратында өткізіп жатқандығының барлығын мемлекеттік кіріс басқармасы нақты уақытта көруі тиіс.

     Бұл не береді – бұл бизнес қызметінің ашықтығы, бизнес - қауымдастықтың өз қызметін дұрыс бәсекелестік ортада жүзеге асыруы, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді тұтынушыларды қорғау; көлеңкелі экономикамен күрес, және әрине, бюджетті толықтыру: тұлға көбірек айналым көрсетіп отырған сайын, ол қазынаға сонша көп салық төлейді. Бұл мемлекеттік кіріс органдары жүргізетін камералдық бақылау шеңберіндегі тағы бір құрал.

     Қазақстанда онлайн-БКМ кезең-кезеңмен енгізу жүзеге асырылуда: 2015 жылдан бастап бензинді, дизель отынын және алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуге қатысты; 2016 жылдан бастап қызметтің 10 түрі бойынша; 2018 жылғы 1 қазаннан бастап қызметтің тағы 17 түрі.

Осылайша, қызметтің осы түрлерінің барлығы 27. Қызметтің соңғы 17 түрі:

11. Автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын сату

12. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

13. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың көтерме саудасы

14. Автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы

15. Сусындарды көтерме сату

16. Фармацевтикалық тауарлармен көтерме сауда

17. Текстиль бұйымдарын сату

18. Темірден жасалған бұйымдар, лакбояу материалдар және шыны саудасы

19. Киім сату

20. Фармацевтикалық тауарлармен бөлшек сауда

21. Сағат және зергерлік бұйымдар сату

22. Ломбардтардың қызметі

23. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша агенттіктердің қызметі

24. Сыйақыға немесе шарттық негізде жылжымайтын мүлікті басқару

25. Жарнама агенттіктерінің қызметі

26. Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

27. Уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызмет

     Салық кодексінің 166-бабына сәйкес, үлгілері мемлекеттік тізілімге енгізілген Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар  деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдана отырып жүргiзiледi.

      Бүгінгі күні:

  • ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде (2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады);
  • патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданумен (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады);
  • арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ қолдануға міндетті болады) БКМ қолданудан босатылады.

     Сонымен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ:

     1) жеке тұлғалар;

     2) адвокаттар мен медиаторлар;

     3) билеттерді берумен қоғамдық қалалық көліктерде тасымалдау бойынша тұрғындарға қызмет көрсету;

     4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

    5) екінші деңгейдегі банктер ғана ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде қолданбайды.

     Осылайша, жақын арада салық салу режиміне  және қызмет түріне қарамастан барлығы дерлік БКМ қолданатын болады.

     Қазақстан Республикасының заңнамасымен аталған талаптарды міндетті тәртіпте орындау белгіленген тұлғалармен БКМ қолданудан жалтару, жазаланады.

     «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 284-бабының бірінші және екінші бөліміне сәйкес, сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану–ескерту жасауға әкеп соғады.

     Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік):

            жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15;

            орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30;

            ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

                                                       БҚО бойынша МКД