Жарияланған күні: 16.08.2017 16:19
Өзгертілген күні: 16.08.2017 16:20

Жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік айыппұлдар төлеген жөнінде анықтама алу үшін тиісті уәкілетті органдарға жүгінуі керек.

 

          Салық кодексінің нормаларымен реттелетін, Мемлекеттік кірістер органдары есебін жүргізетін бюджетке түсетін міндетті төлемдердің тізіміне Қазақстан Республикасынң заңдылықтарын бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар кірмейді. Әкімшілік айыппұлдардың есебін жүргізу  Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының құзыретіне кіреді.

Бюджетке түсетiн түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты уәкiлеттi органдар өздері әкiмшiлiк ететiн түсiмдердiң мониторингiн жүзеге асыру үшiн жазбаша өтініштің негізінде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерінен төлеушiлер бөлінісінде түсiмдер туралы ақпаратты бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасының коды бойынша алатыны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2014 жылғы 04 желтоқсандағы 540-шы қаулысымен бекітілген бюджеттің атқарылуы  және оған кассалық қызмет көрсету ережесіyің 155 тармағында қарастырылған.

Демек, уәкілетті органдарда  қазынашылық бөлiмшелер арқылы, әкімшілік айыппұлдар түсімдері туралы ақпарат бар болғандықтан мемлекеттік кірістер органдарынан әкімшілік айыппұлдар түсімдері туралы мәлімет алуға қажеттілігі жойылады.

Сондықтан, жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік айыппұлдар төлеген жөнінде анықтама алу үшін тиісті уәкілетті органдарға жүгінуі керек.

 

БҚО бойынша МКД Мемлекеттік

Қызмет көрсетулер басқармасы