Жарияланған күні: 05.06.2017 13:50
Өзгертілген күні: 05.06.2017 13:53

     "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 142 бабына сәйкес,  заңды тұлға кедендік баждар, салықтар мен кедендік алымдар бойынша берешектің жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы мәліметтерді алу үшін орталық кеден органының аумақтық бөлімшесіне немесе кеденіне өтініш беруге құқылы.

       Кеден органы аталған берешектің жоқтығы және (немесе) бар болуы туралы мәліметтерді төлеушіге:

      1) жеке кәсіпкер қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, жою, қайта ұйымдастыру кезінде қажетті кедендік баждар мен салықтар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - берешектің жоқтығы туралы анықтама);

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген өзге жағдайларды қоспағанда кедендік баждар мен салықтар бойынша берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама) жасау және беру жолымен мәліметтерді ұсынады.

      Кеден органы кеден органдарында ашылған жеке шоттардың деректерін (олар бар болған кезде) ескере отырып берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы жасайды.

      Берешектің жоқтығы туралы анықтама, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен және анықтаманы жасаған кеден органының мөрімен расталады.

      Жеке кәсіпкер қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған, қайта ұйымдастырылған жағдайда кеден органы берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы төлеушінің аталған анықтаманың біреуін алуға арналған өтінішінің және кедендік баждар мен салықтар бойынша салыстыру актісінің негізінде береді.

       Кеден органы төлеушінің аталған анықтамалардың біреуін алуға арналған өтініші тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей берешектің жоқтығы туралы анықтаманы, берешектің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы беруге міндетті.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы