Жарияланған күні: 25.05.2017 11:28
Өзгертілген күні: 25.05.2017 11:29

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының жалғасатындығы жайлы хабарлайды.

         Осылай, 2017 жылдың 1 мамырынан бастап барлық азаматтарға тағы бір рет заңнаманы сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатыса отырып, бағалы жүлделер ұтып алуға мүмкіндік береледі, сонымен қатар сыйлық ұтып алу мүмкіндігі бар.

         Акция мақсаты- азаматтарды тауарлар мен қызметтерді тұтынушы ретінде  өз мүдделерін қорғай білу саласындағы құқықтық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.

           Акция «Атамекен» АЭС-нің қаржылық қолдауыменкөленкелі экономикамен күресетін «Wipon» мобильдік косымшасы арқылы электронды форматта жүзеге асырылатын болады.

            «Wipon» қосымшасы отандық бағдарламашыларымен әзірленген таза қазақстандық өнім болып табылады. Осы қосымшаны тегін жүктеуге және смартфондар мен басқа да гаджеттердін барлық тұрлерінде пайдалануға болады.

            Акцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыстар мен қызметтердін, тауарды алғандығын растайтын жай ғана түсірілген фискальды чектін суретін ұсыну арқылы науқан жүргізілген кезде қатыса алады. Сондай-ақ, фискальды чек берілмеген жағдайда, азаматтар бұл бұзушылықтарға да шығымдана алады.

            Акция 2017 жылдын 1 мамырынан бастап 30 қараша аралығында өткізіледі.

            Гранд финал осы жылдын соңында бас жүлде автокөлік, сонымен қатар бағалы сыйлықтар ойнатылуымен Мемлекеттік  кірістер комитетінде өтеді.

            Үтыс ойынының  женімпаздары чекті кездейсоқ іріктеу әдісімен анықталатын болады. Осылайша, анағұрлым көп жіберілген чек, қатынасушыларға  соғұрлым жүлдені ұтып алу мүмкіндігін береді! Қайталап жіберілген фискальды чектер ұтыс ойынына қатыса алмайды.