Жарияланған күні: 15.08.2017 17:12
Өзгертілген күні: 15.08.2017 17:15

Төленген мемлекеттiк баж сомаларын қайтару жөнінде түсініктеме

     Төленген мемлекеттiк баж сомалары"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексің 548 бабына сәкес толық әлде ішінара қайтарылады.

     Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын салық төлеушінің банктік шотына қайтаруды салық органдары оның мемлекеттік баж сомасын төлегені туралы төлем құжаты қоса берілген салықтық өтінішінің, сондай-ақ тиісті органның оны қайтару үшін негіз болып табылатын құжатының негізінде жүргізеді Мемлекеттік баж сомасын қайтару құжаттары салық органына мемлекеттік баж сомасы бюджет есебіне жазылған күннен бастап үш жыл мерзім өткенге дейін табыс етілуге тиіс

     Бюджетке төленген мемлекеттік баж сомасын қайтаруды ол төленген жердегі салық органдары, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж сомасы есебіне жазылған бюджеттік сыныптаманың тиісті кодынан жүргізеді

БҚО бойынша МКД Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы