Жарияланған күні: 02.11.2017 11:54
Өзгертілген күні: 02.11.2017 11:55

 

Көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау болып табылады.

       Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.

     Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде  төмендегі жеке тұлғалар декларацияларын ұсынатын болады:

     Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты бар адамдар;

    кәмелетке толмаған тұлғалар - оларға тіркелген мүлік болған немесе олар кіріс алған кезде;

    шетелдіктер  - Қазақстанның аумағында мүлігі болған немесе өз бетімен (төлем көзінен емес) салық салуға жататын қазақстандық көздерден кіріс алған кезде. 

    Азаматтар 2020 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды және т.б., сондай-ақ жеке тұлғаның 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша міндеттемелерін көрсету қажет. 

  Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатып алған мүлік туралы декларацияны тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбекақы, зейнетақы, стипендия алған және басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар  қандай да бір цифрларды көрсетуінсіз бір парақтағы  қысқаша декларацияны тапсыратын болады. Егер адамның кірістері молырақ болса, ол толық декларацияны ұсынуы тиіс.   

 

 

БҚО бойынша МКД