Жарияланған күні: 25.01.2016 15:50
Өзгертілген күні: 25.01.2016 15:52

Тауар түбіртегінің жаңа түрі мен қолма-қол ақшаны есептеу кітабында тұтынушылардың төлем картасы арқылы есептесуін ескере отырып, 35 баған қарастырылған (бұрынғы түрінде 25 баған болды).

         Қолма-қол ақшаны есептеу кітабы – қолма-қол ақшаның ауысымдағы айналымын, тауар түбіртектерін, бақылау-кассалық машинасының фискалды жад көрсеткіштерін немесе фискалды мәліметтерін жинақтаушыны есепке алу журналы. Мұндай қолма-қол ақшаны есептеу кітаптары тиісті мерзімдегі ауысым есептерінің көрсеткіштеріне сәйкес келуі тиіс.

         Төлем карталарын пайдалану кезіндегі төлемдер сомасын ескере отырып, кассаның ағымдық жай-күйі туралы есептің көрсеткіштері қолма-қол ақшаны есепке алу кітабында көрсетілген тауарды іске асыруға, жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге байланысы жоқ фискалды есепті алған кезде кассадағы қолма-қол ақша сомасына, қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру сомасына сәйкес келуі тиіс.

         Салық төлеушілер күшін жою және қайтарым операциялары жүргізілген ауысым есептерін, қолма-қол ақша мен тауар түбіртектерін есепке алу кітаптарын, сондай-ақ, күшін жою, қайтару түбіртектері мен бақылау түбіртектерін оларды басып шығарған немесе толықтай толтырған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.

Бақылау-кассалық машиналары үшін ауысым кезегі 24 сағаттан аспауы қажет.

         Қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын және (немесе) тауар түбіртектері кітабын толықтай толтыру кезінде немесе оларды жоғалтып алған жағдайда, салық төлеуші оларды ауыстыру (қалпына келтіру) үшін үш жұмыс күні ішінде бақылау-кассалық машинасының орнатылған жері бойынша мемлекеттік кірістер органына: салық өтінішін; нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолтаңбасымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақшаны және (немесе) тауар түбіртектерін есепке алудың жаңа кітаптарын табыстайды. Қолма-қол ақшаны есепке алу кітабын толықтай толтыру кезінде немесе оны жоғалтып алған жағдайда, мемлекеттік кірістер органына фискалды есепті алуға арналған бақылау-кассалық машинасы қосымша табысталады.