Жарияланған күні: 27.03.2017 16:53
Өзгертілген күні: 27.03.2017 16:56

      Бизнесті әлсірету немесе қысым жасауды оңтайландыру және салықтық тексерудің санын азайту мақсатында Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкесті, 1 қаңтар 2015 жылы жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың аудиторлық ұйым жасаған аудиторлық қортындысының нәтижелері бойынша өз еркімен таратуға оңайлатылған тәртіп енгізілді.

             Оңайлатылған тәртіппен тарату Салық кодексінің 37-2 бабына сәйкесті, салық төлеушілер үшін келесі талаптарға сәйкес қолданылады: 

1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің өту мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы айлық есептік көрсеткіштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын, яғни қәзіргі уақытта 272,3 млн. тенге құрайтын;

2) салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік жиырма күн бұрын аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысы бар таратылатын заңды тұлғалар және қызметін тоқтататын дара кәсіпкерлер;

Бұл үшін, салықтар бойынша аудиторлық қорытындының нәтижелері бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаса, таратылатын заңды тұлға немесе қызметін тоқтататын дара кәсіпкер мұндай міндеттемелерді аудиторлық ұйым салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны алған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындауға тиіс.

Резидент заңды тұлға тарату туралы шешім қабылданған жағдайда, дара кәсіпкер қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда өзі орналасқан жердегі салық органына қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішін, таратудың салық есептілігін және аудиторлық ұйым жасаған салықтар бойынша аудиторлық қорытындысын табыс етеді.

Егер тартылып жатырған тұлға қосымша құн салығын төлеушісі болып табылса, онда жоғары да көрсетілген құажттарға қосымша қосылған құн салығын төлеушісі ретінде тіркелген куәлігін және қосылған құн салығын төлеуші есебінен шығару туралы өтінішін табыс етуі қажет.  

Сонымен қатар, 1 қаңтар 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне аудиторлық ұйымдарға аудиторлық есептерін толық көлемде толтырмағаны және де аудиторлық ұйымдардың салықтар бойынша аудит жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.   

1 қаңтар 2016 жылдан бастап, салық бойынша аудит және аудиторлық ұйымдардың салықтар бойынша аудиторлық қорытындысын толтыру, салық тексеруінің баламасы болып енгізілді.  

Салық кодексінің жоғары да аталған ережелері салық тексеруіне қолданылмайды:

  • Мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер;
  •  недропользователей;
  • Өнім және жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын салық төлеушілер.

БҚО бойынша МКБ аудит басқармасы.