Жарияланған күні: 29.04.2015 11:45
Өзгертілген күні: 29.06.2015 17:25

  Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде  жоғары тұрған мемлекеттік  кірістер органына берiледi.

  Кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған, берешекті өтеу туралы хабарламаға шағым берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына беріледі.

Салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды, кедендік тексеру нәтижелері бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаға шағымды жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органы қарайды.

Салықтық тексерулер нәтижелері бойынша хабарламаға немесе кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған берешекті өтеу туралы хабарламаға жасалған шағымдар Салық кодексінің 668 ,678 баптарына немесе Қазақстан Республикасының  Кеден кодексінің 176 бабының талаптарына сай берілуі тиіс.

1. Шағым  жазбаша түрінде беріледі және шағымда мыналар көрсетілуі тиіс :

1) салық төлеушінің,салық агентінің, декларанттың немесе өкілінің шағымға қол қойған күні;

2) шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік органның атауы;

3) аты- жөні, тегі,(болған жағдайда) немесе шағым берушінің толық атауы, тұрғылықты жері, мекен-жайы;

4) идентификациялау номері;

5) тексеріс жүргізген органның атауы;

6) шағым берген тұлға өз талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;

7) іске қатысы бар өзге де мәліметтер көрсетіледі.

3. Шағымға оны берген тұлға, не оның өкілі қол қояды.

4. Шағымға:

1) берешекті өтеу туралы хабарламаның көшірмесі;

2) шағым берген тұлға өз талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар;

       3) іске қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.

 

Шағым бойынша  жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органымен заңмен белгіленген мерзімнен кешіктірмей шешім шығарылады.