Жарияланған күні: 01.02.2019 20:10
Өзгертілген күні: 01.02.2019 20:15

     Мемлекеттік кірістер органдарында  жүзеге  асырылған іс-шаралар мемлекет үшін  аса қауіпті сыбайлас жемқорлық секілді құбылыспен күресте оң нәтижелер беруде, алайда сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою үшін бізге осы құбылыстың қалыптасуына шыдамсыздық танытатын салықтөлеушілер тарапынан қолдау мен түсіністік қажет. Осы кеселді жеңу арқылы біз бірге жеңіске жетіп және де сол арқылы еліміздің гүлденуіне өлшеусіз үлес қоса аламыз.

     Мемлекеттік кірістер органдарында жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою және мемлекеттік кызметпен кәсіпкерлік субьектілерінің арасында орын алуын түпкілікті болдырмау  бағытындағы көптеген шаралардың бірі кірістер басқармасының акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жүргізетін жұмысында орын алды.

    2017 жылы Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі Кірістер комитетінің бастауымен Қазақстан Республикасының  «Алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау» заңына сәйкес «Вайпонг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сертификатталған «Wipon Pro» бағдарламасын жасады.

     Аталған  «Wipon Pro» бағдарламасы барлық    алкоголь өнімдерін таратушы болып табылатын салық төлеушілер тарапынан қолдау тауып қолданысқа енгізілді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты аталған алкоголь өнімдерін таратушы кәсіпкерлік субьектілерінің акциздік маркалардың шынайылығын тексеруге, және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бағдарламамен қамтамасыз ету осыған дейінгі салықтық тексерістер кезінде жие анықталатын заң бұзушылықтарды өз тараптарынан болдырмау яғни, кәсіпкерлік субьектілерің өз құқықтарын қорғауына ықпал жасап отыр.

     Жоғарыда баяндалған бір ғана жанашылдықтың негізінде салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына деген оң пікірлерінің ілгерілеуіне және арадағы мемлекеттік қызметті ұсыну мен алу барысында жемқорлық көріністерін болмауды қамтамасыз етуге көп ықпалын тигізуде.         

     Біз шынайы, жүйелі, оңтайлы шешімдер ұсынбақпыз. Олар қажетті мемлекеттік институттардың санацияларын аса тиімдірек өткізуге мүмкіндік береді. Кадр саясатында шенеуніктердің (басшылардың) таңдалу жүйесінде олардың ротациялары мен ақшалай сыйақы алуында жаңа ұстанымдар енгізу қажет.

     Сыбайлас жемқорлықпен күресте қауіпті қызметтерді қарастырған жөн. Атқарушы билік аппаратында және мемлекеттік корпарациялық басқармаларындағы басшылар жоғары жалақы алып, бірақ шынайы болуға келісім берулері қажет. Оған шығындар және отбасылық ірі керек-жарақтар  шығыны жатады. Оған қоса қарастырылатын тағы да басқа сауалдар бар, ол тұрғылықты мекен-жай  мен демалыс кезеңіндегі төлемдердің дереккөздері және т.б. Осы тұста Еуропа елдерінің сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-тәжірибесіне база назар аударған пайдалы. Еуропа елдері сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-шараларын қадағалауды біледі. Атап өтетін жайт, басқа Мемлекеттік органдар арасында алғашқы боп нақты регламенттік мемлекеттік қызмет көрсетулер жасалған болатын. Мысалы: ҚР салықтөлеушілерінің тіркелінуі, салық заңнамаларының түсіндірілуі, қарыз бар-жоғын анықтайтын анықтамалардың берілуі және басқа да қызметтер. Соның ішінде, сыпайылылық ұстанымына негізделген, салықтөлеушілердің өтініштеріне уақытылы жауап хат дайындау, салықтөлеушілерге жан-жақты және дұрыс ақпарат беру сияқты басқарма қызметкерлерінің кәсібилігін дәлелдейтін, салықтөлеушілерді қанағаттанарлық ойда қалдыратын мақсатты көрсеткіштер бекітілген. Нәтижесінде, абыройлық, қаржылық, материалдық және тағы да басқа қатерлер сыбайлас жемқорлықтың пайдасыз болуына өз септігін тигізеді.

     Сонымен қатар, салықтөлеушілердің заңнамамен туындаған мәселелерін пара беру арқылы шешуге тырысатын салықтөлеушілерге баса назар аудару қажет. Қызметтік тұлғаларға пара беру, пара беруге әрекеттену қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Орал қаласы бойынша МКБ