Жарияланған күні: 10.06.2020 17:41
Өзгертілген күні: 15.06.2020 18:34

«Армения Республикасында тіркеуде тұрған жеке көлік құралдарын Қазақстан Республикасы азаматтарымен пайдалану және Қазақстан Республикасына әкелу кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасына әкелінген және Армения Республикасының уәкілетті орғандарында Қазақстан Республикасы азаматтарына тіркелген тұтқалы басқару сол жағында орналысқан көлік құралдары заңнама белгіленген тәртібінде мемлекеттік баж және мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеуімен тіркеуге жататынын хабарлайды.

         Көлік құралын тіркеген жағдайда кеден төлемдерді, механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алымды және залалсыздандыру төлемді төлеу қажеттігі жоқ. Бұл ретте, көлік құралының меншік иесі бастапқы тіркеу жағдайларда жоғарыда көрсетілген төлемдерді төлеу бойынша міндеттіме пайда болады.

         Сонымен қатар, көлік құралы тіркеуге койған күннен бастап көлік құралы салығының  салық салу объектісі болып табылады, себебі салық заңнамасына сәйкес меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Бұл ретте ҚР тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерiне жатады.