Жарияланған күні: 06.12.2018 19:01
Өзгертілген күні: 06.12.2018 19:03

     Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты орналасқан жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.

     Салық кодексінде, интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылған.

     Ол үшін  мынадай шарттарды сақтаған кезде:

- тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

- тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

- тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болған жағдайда;

Корпоративтік табыс салығы (жеке табыс салығы) пайдасын қолдану үшін салық төлеушіге жалпы белгіленген салық режимін қолдану қажет.

     Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын (жеке табыс салығы) 100 пайызға азайтады.

     Аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90% құраған жағдайда қолданылады. Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.

     Жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.

     Салық кодексінің 28 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

     Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткізілетін тұлғалардан және СТ-мен көшіріп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, заңдылықтардың сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау жүргізіледі 

БҚО бойынша МКД