Жарияланған күні: 22.04.2019 17:03
Өзгертілген күні: 22.04.2019 17:05

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі

 

 

         Сыбайлас жемқорлық көріністері саяси даму деңгейіне қарамастан әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да әлеуметтік мәселе ретінде қаралуда.

         Сыбайлас жемқорлық елдің экономикалық дамуын, нарықтық экономиканың алға басуын, инвестициялардың тартымдылығын тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер етіп, елдің болашағына елеулі қауіп туғызады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жемқорлық сөзі - «Коррупция» латын тілінен аударғанда «мемлекеттің қоғамдық қатынастарын бұзу» деген мағынаны береді. Бұл бұзылу еліміздің тек әлеуметтік, экономикалық немесе саяси дамуына ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне де өз қаупін төндірері анық.

Жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясатты жүргізудің басымдықтарының бірі ретінде қабылданып, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» халыққа жолдауының басты басымдығының бірі болып табылады. Бұл кеселдің алдын алу мақсатында барлық мемлекеттік органдарда жемқорлықпен күрес бағытындағы түрлі бағдарламалар мен стратегиялық жоспарлар дайындалып, жүзеге асырылуда.

         Президент сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғам болып жүйелі түрде жұмыла күрескенде ғана нәтижеге жететінін әрдайым  айтып келеді.

         Осыған орай Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы қабылданды.

         Стратегияның мақсаты мемлекеттік саясаттың тиімділігін жоғарылату, сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамды жұмылдыру арқылы жемқорлыққа нолдік төзе алмаушылық принциптерын қалыптастыру және Қазақстан Республикасында жемқорлықтың деңгейін төмендету болып табылады.

         Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен болдырмау бойынша кешенді шаралар атқарылуда.

         Департамент сыбайлас жемқорлықтың профилактикалық шараларын құқық қорғау органдарымен бірлесе жүргізеді.

         Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері немесе әрекетсіздігі фактілері бойынша Департаменттің                       8 (7112)53-84-27 сенім телефонына хабарласу керек.

        

БҚО бойынша МКД