Жарияланған күні: 15.09.2016 10:17
Өзгертілген күні: 15.09.2016 10:28

Құрметті  салықтөлеушілер!

         Орал қаласы бойынша Мемілекеттік кірістер басқармасы  Салық төлеушілердің жүргізіп отырған кәсіпкерлік қызмет түрлерінің олардың салық органдарына тіркелген кәсіпкерлік қызмет түрлерімен сәйкестік келмейтіндігін бақылауда ұстауда. Осы себепте Сіздердің өз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің салық органдарында тіркелген кәсіпкерлік қызметтеріңіздің сәйкестігін «Салық төлеушілердің кабинеті» арқылы тексеріп қарауларыңыз  сұралады.

          Егер жүргізіп отырған кәсіпкерлік қызмет түрлері салық органдарындағы тіркелген кәсіпкерлік қызметіңізге сәйкес келмеген жағдайда Орал қаласы, Некрасова көшесі 30/1 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу» орталығына келіп жолығуларыңыз сұралады.

         Заңды тұлғалар бойынша Орал қаласы, Достық даңғылы 208 мекен жайда  орналасқан Әділет басқармасына жолығуға болады.

 

        Анықтама алу үшін төмендегі байланыс телефондарына қоңырау шалыңыздар:   24-28-81,  26-65-61,  24-29-54.

 

 

   

     Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы