Жарияланған күні: 19.09.2018 19:23
Өзгертілген күні: 21.09.2018 12:11

Батыс Қазақстан бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларын  есепке жатқызу және қайтару тәртібі жөнінде түсініктеме береді.

     Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және өсімпұлдардың артық төленген сомаларын есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізу үшін жеке шоттарын жүргізу орны бойынша, ал жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төлемдер бойынша – бюджетке төлемдерді төлеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына қағаз және/немесе электронды тасығыштарда салықтық өтініш беріледі.

               Егер төлемдердің жекелеген түрлерінің сомасын есептеу міндеті уәкілетті мемлекеттік органға жүктелген жағдайда, артық (қате) төленген төлемдердің сомасын қайтару кезінде салық төлеуші қайтаруға өтінішке қайтару үшін негіздеме болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның құжатын қоса береді.

    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне есептелетін салықтардың, бюджетке төленетін төлемнің артық және (немесе) қате төленген сомаларын қайтарған жағдайда, салық төлеуші қайтаруға арналған салықтық өтінішке аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігінің қорытындысын қоса береді.

Артық төленген салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасы фактісі расталған кезде артық төленген сомаларды қайтару бюджетті орындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органнан алынған төлем құжаттарының деректері негізінде жүзеге асырылады.

                              Салық кодексінің 102-бабына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, ол бойынша артық төленген (өндіріп алынған) сомасы қалыптасқан салықтың, бюджетке төленетін төлемнің түрі бойынша орындалу мерзімі басталған есептелген, есепке жазылған сомасы есебіне салық төлеушінің өтінішісіз есепке жатқызылуға жатады.

                          Мемлекеттік кірістер органы салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің артық төленген сомасын есепке жатқызады:

1) салық төлеушінің жеке шотында артық төленген сома болса;

2) жеке шоттары жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемді төлеу орны бойынша.

Салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің бірнеше түрлері бойынша бересі, өсімпұлдар болған кезде артық төленген соманы есепке жатқызу қолда бар салық берешегімен тепе-тең жүргізіледі.

Бейрезидент салық төлеушілерге артық төленген сомаларды шетел валютасында ашылған банк шоттарына қайтаруды мемлекеттік кірістер органдары бюджетті орындау бойынша уәкілетті органның аумақтық органдарына беретін төлем тапсырмасы негізінде ұлттық валютада жүргізеді.

Әрбір салық төлеушіге (салық агентіне) жеке шоттар жүргізілмейтін бюджетке төленетін төлемдер бойынша салық төлеуші бюджетке төленетін төлемдердің артық сомасын растайтын уәкілетті мемлекеттік органдардан қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс.

      Мемлекеттік кірістер органына төлемдерді қайтару үшін дәлелді себептері көрсетілетін көрсетілген соманы қайтаруға уәкілетті мемлекеттік органдардың жазбаша шешімі (қорытындысы) беріледі.

                 Артық төленген салық, төлем сомасының салық берешегін өтеудің белгіленген тәртібін жүргізгеннен кейін салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына қайтаруға жатады.

      Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

      Салық берешегi болған кезде мемлекеттік кірістер органы салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызуға салықтық өтінішсіз салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.

       Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылса, салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын есепке жатқызу есепке жатқызуға салықтық өтінішсіз заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегiн өтеу есебіне жүргізіледі.

      Осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасының қалдығы қайтаруға жатады.

     Артық төленген салықты, төлемді, өсімпұлды қайтару, қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Батыс Қазақстан бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті