Жарияланған күні: 04.12.2017 12:30
Өзгертілген күні: 06.12.2018 19:14

Құрметті салық төлеушілер!

     Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Сіздерге салық есептіліктерін толтыру және ұсынудың ерекшеліктерімен таныстырады.

     Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 61 бабына сәйкес салық нысандары болып салық есептіліктері, салық өтініштері және салық тізілімдері табылады.

     Салық есептіліктерін салық төлеушілер (салық агенттері) қағаз және (немесе) электронды тасығыштарды қазақ және (немесе) орыс тілдерінде толтырады.

     Қағаз жеткізгіште толтырылған салық нысандарына салық төлеуші не оның өкілі қол  қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушінің не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы бар мөрі бар өкілінің мөрімен куәландыруы тиіс.

     Салық тіркелімдерін қоспағанда, электрондық жеткізгіште жасалған салықтық нысандар салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуы тиіс.

     Салық есептіліктері салық төлеуші салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және ұсынуға жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторинг бойынша есептілікті, импорталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлегені туралы өтінішті, сауда объектілерін, сауда базарларындағы сауда орындарын жалға беретін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың жалға беру шарттарының тізілімін қамтиды.

     Салық есептіліктерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын Салық кодексінің 65 және 67-1 баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.

     Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлегені туралы өтінішті қоспағанда салық есептіліктері мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Бастапқы есептілік;
  2. Кезекті есептілік;
  3. Қосымша есептілік;
  4. Хабарлама бойынша қосымша есептілік;
  5. Тарату есептілігі.

Салық төлеуші салық есептілігін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына төмендегі жолдармен табыс етеді:

  1. Өзі келу тәртібімен-қағаз жеткізгіште табыс ету;
  2. Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы-қағаз жеткізгіште;
  3. Салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы электронды нысанда.

Салықтық тізілімдерді қоспағанда салық нысандары мына жағдайларда салық органдарына табыс етілмеген деп есептеледі:

  1. Салық кодексіне сәйкес уәкілетті орган белгілеген салықтық нысандарға сәйкес келмесе, немесе
  2. Салық органының коды көрсетілмесе, немесе
  3. Сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немес
  4. Салық кезеңі көрсетілмесе немесе
  5. Салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе
  6. Салық есептілігіне қол қоюға қатысты Салық кодексінің талаптары бұзылса, немесе
  7. Салық есептілігі түрлерінің электрондық пішім құрылымында пішімді-логикалық бақылау талаптары бұзылса
  8. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда салық есептілігін ұсыну тәсіліне қатысты Салық кодексінің 72 бабы 1 тармағының талаптары бұзылса
  9. Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты Салық кодексінің 270 бабы 2 тармағының талаптары бұзылса.

  Салық төлеуші салық есептіліктерін тапсыруға міндетті және бес жылды құрайтын талап қою мерзімі ішінде салық есептілігін кері шақыруға, оған қосымша өзгерістер енгізуге құқылы.

 

БҚО бойынша МКД

Түсіндіру жұмыстары басқармасы