Жарияланған күні: 09.07.2018 19:08
Өзгертілген күні: 10.07.2018 12:45

      Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы №123-VІ ҚРЗ Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 418 бабының 20-ші тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасын, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, кеден органының лауазымды адамы тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

     Осы Кодекстің мақсаттары үшін кеден органының лауазымды адамы жасаған, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі деп түсініледі.

    Бұл ретте тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға құқылы.

    Осы баптың ережелері қолданылатынтексерілетін тұлғалардың санаттарын, сондай-ақ көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ кеден органының мұндай қарсылықты қарау тәртібімен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

Кодексінің 418 бабының 20-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы №45 бұйрығымен Қоса беріліп отырған Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттары бекітілген (бұдан әрі – Қағидалар).

Қағиданің 4-ші тармағына сәйкес мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жазбаша қарсылық – тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерiмен жазбаша келiспеуi;

      2) көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі – мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы жасаған көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелерi туралы құжат.

Қағиданің 5-ші тармағына сәйкес Кодекстің 418 бабының 19-тармағымен көзделген көшпелі кедендік тексеру актісін жасағанға дейін, Еуразиялық экономикалық кеңесінің кедендік заңнамасының, Қазақстан Республикасының кедендік және (немесе) өзге де заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

Қағиданің 6-ші тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің аяқталу күніне дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жеке қолын қойдыра отырып табыс етіледі.

Қағиданің 8-ші тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.

Қағиданің 11-ші тармағына сәйкес жазбаша қарсылық көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органымен, осы Қағидалардың 12, 13, 14-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, онда көрсетілген мәселелер шегінде оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

         Қағиданің 14-ші тармағына сәйкес Осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда, жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ұзартылады, бірақ отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      Тексерiлетін тұлғаға жазбаша қарсылықты қарау мерзiмдерiнің ұзартылғаны туралы, сұрау салу жолданған күннен бастап екi жұмыс күні iшiнде жазбаша нысанда хабарланады.

         Қағиданің 18-ші тармағына сәйкес тексерілетін тұлға осы Қағидалардың 8-ші тармағымен белгіленген мерзімде жазбаша қарсылықты ұсынбаған немесе тексерілетін тұлғамен жазбаша қарсылық кері қайтарылған жағдайда, көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты ұсыну мерзімі аяқталған немесе оны кері қайтарған күнінен бастап үш жұмыс күнінің ішінде тексерілетін тұлғаға:

      1) көшпелі кедендік тексеру тоқтатыла тұрған жағдайда, Кодекстің 418-бабының 18-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді қайта жаңарту туралы хабарламаны;

      2) Кодекстің 418-бабының 21-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісін;

      3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаны жолдайды.

Қағиданің 3-ші тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағымен көзделген тізбеге енгізілген тексерілетін тұлғаларға;

      2) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 285-бабына сәйкес инвестициялық келісім-шарттар жасасқан тексерілетін тұлғаларға жолданады.