Жарияланған күні: 13.03.2020 11:28
Өзгертілген күні: 13.03.2020 11:33

Салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен салық есептілігінің нысандары және оларды 2020 жылға дайындау қағидалары бекітілді. Сонымен қатар, Қағидада 2019 жылға арналған 100.00, 110.00, 150.00 және 180.00 салық есептіліктерінің нысандары жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес ұсынылатындығы көрсетілген.

 Сонымен бірге «Салық төлеушінің кабинеті» және «СТ СЕӨЖ» АЖ-де жаңа нұсқалар 2020 жылдың 16 наурызы мен 2020 жылдың 20 наурызы аралығында орналастырылады.

Жаңа редакциядағы салық есептілігі нысандарын «Салық төлеушінің кабинеті» АЖ-де, «СТ СЕӨЖ» жүйелердегі жаңалықтар лентасында, сондай-ақ уәкілетті органның (kgd.gov.kz) интернет-порталында жариялау туралы алдын-ала хабарланады.

 Осыған байланысты, салық есептілігі жаңа редакцияда жарияланғанға дейін, 2020 жылға арналған нысандар «Салық төлеушінің кабинетінде»,  «СТ СЕӨЖ» АЖ-де қол жетімді (2018 ж. 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген, 180.00-ді қоспағанда). Бұл нысандар «Қабылданған», «Жіберілген» статусына ие болған жағдайда қабылданған болып саналады. Бұл ретте салық есептілігін жаңа редакцияда қайта тапсыру талап етілмейді.

         Жаңа үлгідегі 2020 жылға арналған салық есептілігінің қалған нысандары кезең-кезеңмен 2020 жылдың 1 сәуірінен, 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап қол жетімді болады.