Жарияланған күні: 01.07.2015 16:43
Өзгертілген күні: 01.07.2015 16:45

"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына (бұдан әрі - № 587 бұйрығы) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 290 бұйрығына сәйкес, Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағына кіруіне байланысты 2015 жылғы    1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылатын, қосылған құн салығы бойынша декларацияның жаңа нысаны (300.00-нысан) және оның жасау қадиғалары, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның нысаны (320.00-нысан) және оның жасау қадиғалары  бекітілді.

         Сонымен қатар, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысанына (130.00-нысан), Қазақстан Республикасы азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның нысанына (200.00-нысан), роялти, өндіру бонусы , өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидаларына (500.00-нысан) аздаған өзгерістер енгізілді, Аталған  өзгерістер 2015 жылғы   1 қаңтардан  бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

           Жоғарыда  жазылғандар негізінде,  №587 Бұйрығымен бекітілген 300.00 және 320.00 нысандары 2015 жылдың 1 қаңтарынан 30  маусымына дейін қолданылынатын, ал 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап №290 Бұйрығымен бекітілген  300.00 және 320.00 нысандары қолданылатынын  назарларыңызға  жеткіземіз.