Жарияланған күні: 15.08.2019 19:03
Өзгертілген күні: 16.08.2019 10:24

14 тамыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 5 жыл толуына арналған мерекелік іс-шарада Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ж. Қ. Тлеулес мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

         Осы іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Г. Оспанқұлов және Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдарының басшылары шақырылды.

         Іс-шараны аша отырып, Ж. Қ. Тлеулес екі қызметті бірыңғай мемлекеттік органға біріктіру Мемлекет басшысының "Қазақстан - 2050 "Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Жолдауында салық әкімшілігін ырықтандыру және кедендік әкімшілендіруді жүйелеу міндеті ретінде белгіленгенін атап өтті.

Ұлт жоспары аясында бірқатар заңнамалық бастамаларда 8 қадам салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

         Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Салық және Кеден заңнамасының нормаларын, сондай-ақ облыстың азаматтары мен ұйымдарында, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда туындайтын мәселелерді түсіндіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

         Мемлекеттік кіріс органдарының басты міндеті-салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылған күнін мерекелеу құрметіне  Кенжегужин Кайрат Ергенович, Картмагамбетов Болат Зинекешулы, Капезова Гаухар Кабдошевна, Мамыкина Елена Геннадьевна, Гумарова Айжан Кулакбаевна, Васильева Лариса Юрьевна «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі»  төсбелгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрмет грамотасымен - Садыкова Гулбаршын Бактыгалиевна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен - Разиева Бахыт Борисовна, Свистунова

Галия Габдулхановна, Магзумов Саясат Маратович, Байрамова

Гульвира Альбековна, Кубаева Зина Нурмановна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  алғыс  хатымен - Капан Кайрат Талапович, Жумагазиев Асылан

Галымжанович, Дженисова Калима Басировна, Акмалиева Эльянора Нуржановна, Кайркенова Гульмира Галымжановна марапатталды.

Батыс Қазақстан облысы Әкімінің Алғыс хатымен - Алманова Әлия Төлегенқызы, Гуляева Маргарита Викторовна, Баймбетова Гүлнар Телманқызы, Байгунакова  Қабиба, Абдуллина Гүлнұр Серікқызы, Өтеген Анара Асқарқызы, Ахметова Самал Меңдіханқызы, Ерғалиев Сакен  Өтешұлы марапатталды.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет грамотасымен - Кереев Есей Аленгалиевич, Камешева Наталья Павловна, Салимов Зулхарнай Ерболатович, Хадимов Азамат Аскарович, Баймукашева Айгерім Касановна, Шулекина Ольга Владимировна, Усманов Тимур Жумагалиевич, Даулетов Абат Рахимович, Шайхымуратов Асылбек Хасенович марапатталды.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алғыс хатымен - Кутуев Ильмир Маратұлы, Жумагулова Зарина Құрманқызы, Утепов Жасұлан Меңдіғалиұлы, Самигуллина Айдана Ғалелқызы, Байгалиева Гүлмира Ғұмарқызы, Бактыгереев Руслан Еркенұлы, Успанова Бибігүл Ғабитқызы, Байтурганова Жангүлім  Құсайынқызы, Имашева Раджанна Якопқызы, Ерикешева Назгүл марапатталды.  

   Салтанатты іс-шара соңында мерекелік концерт өтті.

БҚО бойынша МКД