Жарияланған күні: 25.10.2019 19:42
Өзгертілген күні: 25.10.2019 19:43

Белгілі болғандай, шағын кәсіпкерлік үшін бөлшек сауда саласынан ағымдағы жылы патент негізінде арнайы салық режимін қолдану аяқталады, ол жеңілдетілген декларация негізінде және тіркелген шегерімді қолдана отырып, арнайы салық режимімен, сондай-ақ жалпыға бірдей белгіленген режиммен ауыстырылады. 2020 жылдан бастап кәсіпкерлер патентті тек 32 қызмет түрі бойынша қолдана алады.

Бұдан басқа, келесі жылдан бастап БКМ болмауы немесе қолданбауы үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарлануда.

БКМ қолданбау немесе дұрыс қолданбау бойынша жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу жолымен қарастырылады.

2020 жылдан бастап БКМ қолдану тәртібін (оның ішінде БКМ-онлайн) бұзу кезінде – БКМ қолданбау, БКМ чегін бермеу, БКМ тіркеу деректеріне өзгерістерді уақтылы енгізбеу, төлем карточкаларын немесе бір сәттік төлемдер жүйесін пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін жабдықтың болмауы, төлем карточкасын пайдалана отырып төлемді қабылдаудан бас тарту және басқа да бұзушылықтар жауапкершілік белгіленеді деп болжанады. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 7-ден 25 АЕК-ке дейін өзгереді.

Бүгінгі күні, осы талаптарды күнтізбелік жыл ішінде алғаш рет бұзған жағдайда салық төлеушілер тек ескертуді күтеді.

Осыған байланысты БҚО бойынша МКД-і патенттен режимнің басқа түрлеріне уақтылы көшуді және қолма-қол ақша есеп айырысу жүзеге асыру кезінде БКМ онлайн қолдануды ұсынады.