Жарияланған күні: 10.04.2019 10:30
Өзгертілген күні: 10.04.2019 10:32

2019 жылдың 2 сәуірінде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойды.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласында қызметтер көрсететін ұйымдар салық органдарына үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді ұсынады.

Осы мәліметтерді салық органдары Салық кодексінде көзделген жағдайларда салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру үшін пайдаланады.

Мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.