Жарияланған күні: 16.11.2017 10:52
Өзгертілген күні: 16.11.2017 11:01

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті  2016 жылғы 29 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауарлық позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестіндеру) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 4 тоқсанында тері бұйымдарын таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып жатқанын хабарлайды.

       Пилоттық жобаны іске қосу үшін тиісті ақпараттық жүйе дайындалып, қажетті нормативтік құқық актілер қабылданды.

      Таңбалауды жасаудың мақсаты:

      1)   тұтынушы үшін – сатып алатын тауар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету, контрафактілік өнімнен қорғау;

      2)   кәсіпкерлер үшін – бизнес жүргізу үшін бәсекелестік жағдайды теңестіру, нарықты заңсыз өнімдерден қорғау және зияткерлік меншік құқықтарын сақтау;

     3)   мемлекет үшін – көлеңкелі экономика көлемін қысқарту және бюджетке салықтардың түсімін арттыру.

      Таңбалауға заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер өндірген немесе әкелген СЭҚ ТН 4303 тауарлық позициясы бойынша жіктелетін қара қүзен, саз құндыз, ақ түлкі немесе қызыл түлкі, үй қояны немесе қоян, жанат, қой, өзге (терінің басқа түрлерінен) жасалған қиімдер жатады.

      Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін әкелінген тері бұйымдары бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбаланбайды.

      Мысал үшін: Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тері тондары үшін кәсіпкер 30 күнтізбелік күн ішінде таңбалауы тиіс. Тауарды біздің елімізде өндірген жағдайда да осы талап сақталуы тиіс.

Таңбалаудың үш түрі бар: желімделетін, ілінетін және тігілетін. Бізде алғашқы екеуі қолданылады.

БҚО бойынша МКД