Жарияланған күні: 18.02.2021 10:23
Өзгертілген күні: 18.02.2021 10:25

Жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі артуда, бұл жұмысқа қоғам көбірек қосылуда. Бұл күрес әрқайсымыздың ісімізге айналды.

            Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ТМД-да көбірек дамыған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға ие. Мемлекеттік органдар және азаматтық қоғамдар іске асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу мақсатында заңнамалық база қалыптастырылды, атап айтқанда: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалардың әрекеттерінде тәртіпті және реттілікті нығайту бойынша іс шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарғысы, сондай-ақ бірнеше бағдарламалар.

            Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды қадамдар мыналар болды:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қылмыстық жолмен алынған және сотталғандардың басқа адамдардың меншігіне өткен мүлкін тәркілеуді енгізді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бағытталған:

1. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жазаларын көбейту және мүлікті тәркілеуді енгізу арқылы жауапкершілікті күшейту;

2. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдар мен мемлекет қатысатын ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке жауапкершілік жүктеу арқылы тікелей міндет жүктеу;

3. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын ынталандыру шараларын, оның ішінде азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесуге және ашуға көмектесуге бағытталған қызметін ынталандыру шараларын құру;

4. «Корпоративті сыбайлас жемқорлыққа» қарсы іс-қимыл жасау.