Жарияланған күні: 07.06.2019 15:14
Өзгертілген күні: 07.06.2019 15:15

     2019 жылдың 5 маусымында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде СЭҚ-ке қатысушылар, кеден өкілдері және тасымалдаушылардың қатысуымен Өзбекстан Республикасының кедендік территориясына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеу кезінде алдын-ала электронды ақпараттандыруға қатысты «Дөңгелек үстел» өткізілді.

     Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинетінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №762 «Өзбекстан Республикасы кедендік территориясына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын рәсімдеу кезіндегі кедендік ресімдерді жеңілдету шаралары туралы» Қаулысына сәйкес, автотасымалдаушылар, тауар иелері немесе олардың өкілдері тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала электронды ақпараттарды Мемлекеттік кеден комитеті сайтының (www.customs.uz) кеден органдары ақпараттық жүйесінің «Электронды қызмет» тарауына, немесе интерактивті мемлекеттік қызметтердің бырыңғай порталы (https://my.gov.uz раздел  «Услуги >Таможня») арқылы ұсынуға болады.

     Аталған ақпараттар, автокөлік құралы Өзбекстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өту уақытынан кем дегенде 1 сағат бұрын жіберілуі тиіс.

Алдын-ала ақпаратта келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • Көлік құралының түрі;
  • Тасымалдаушының аты, мекен-жайы, елі;
  • Көлік құралы туралы ақпараттар (автокөлік құралымен тасымалдау кезінде, оның тіркеу нөмірі, тіркелген елі және идентификациялық нөмірі (VIN немесе кузов, шасси немесе рама нөмірі);
  • Тауарды жөнелтушінің аты және елі;
  • Тауарды алушының ЖСН және мекен-жайы (транзит кезінде қажет емес);
  • Тауардың аты, салмағы және құны;
  • Тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлестірілген жүйесіне сәйкес тауарлардың кем дегенде 6 белгі деңгейіндегі коды (тауарлардың транзиты кезінде рұқсат беру құжаттары болуы тиіс);
  • Рұқсат беру құжаттары туралы мәліметтер (болған жағдайда);
  • Өзбекстан Республикасының кедендік территориясына тауарлардың жоспарланған келу уақыты;
  • 1975 жылғы 14 қазандағы «ХЖТ кітапшасын қолдану арқылы жүктерді халықаралық тасымалдау туралы кедендік конвенциясына» сәйкес ХЖТ кітапшасының нөмірі (болған жағдайда);
  • Шот-фактураның нөмірі мен күні және көлік жуккұжаты.

     Мемлекеттік шекараны өтуді жеңілдету мақсатында, Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің аумақтық басқармалары мен Көлік министрлігіне, автотасымалдаушылармен СЭҚ-ке қатысушыларды ақпараттандыруына ықпал  ету өтінішімен хат жіберілді.

БҚО бойынша МКД