Жарияланған күні: 16.04.2019 18:04
Өзгертілген күні: 16.04.2019 18:05

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР 02.04.2019 ж. № 241-VІ Заңымен ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілер сатып алынған онлайн БКМ сомасына табыс салығың азайтып төлей алады.

       "Патент құнын есептеу" 686-бабына және "Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу" 687-бабына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мынадай толықтырулар енгізілді:

1.Есептелген табыс салығының сомасы мынадай шарттар сақталған кезде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын сатып алу құнына азайтылуға (түзетуге) жатады:

- БКМ моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген;

- Мемлекеттік кіріс органдарында БКМ тіркеу жүргізілді (БКМ салық);

-салық төлеуші кәсіпкерлік қызметті тоқтатпады және салық есептілігін тапсыруды тоқтатпады.

     Есептелген жеке табыс салығының сомасы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын не үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту деректерді тіркеу және беру функциясы бар осындай бақылау-касса машинасы салық органдарында алғаш рет есепке қойылған немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.

     Салық төлеуші деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені салық органдарында есепке қойған күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.

      Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.

Жоғарыда көрсетілген шарттар сақталған жағдайда жеке кәсіпкерлер 2019 жылы патент құнын есептеген кезде онлайн БКМ сатып алуға жұмсалған ақшалай қаражатты жеке табыс салығын есептеген кезде есепке алады.

Сондай-ақ, 687 бапта белгіленген қағидаларда салық төлеушілер (ЖК) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде бюджетке төлеуге жататын табыс салығының сомасын түзету (азайту) құқығы бар.

БҚО бойынша МКД