Жарияланған күні: 27.04.2015 10:31
Өзгертілген күні: 27.04.2015 10:42

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   «Нұрлы Жол- болашаққа бастар жол» Жолдауының шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің міндетіне салықтар мен кедендік төлемдерді өндірумен қатар бизнес орталықты да қалыптастыру кіреді. 

Бұл жұмыс мемлекеттік органдардармен қатар маңызды мәселелерді қарау және парасатты кәсіпкерлерді тәрбиелеу бойынша  Кәсіпкерлер палатасы мен салық төлеушілер ассоциациясына да байланысты.  Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік органдарға сенімді арттыруды жетілдіру, салық және кедендік әкімшілендіру жүйесінде нәтижелі әдістерді еңгізу, салық және кедендік реттеуді жетілдіру,      салық және кеден саласында қызмет ететін жеке кәсіпкерлер субъектілеріне ықпал ету мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің отырысы өтті. 

Департаменттің басшысы А.Ж. Жақанов Консультативтік кеңес салық және кедендік әкімішілендірудің маңызды мәселелерін кеңінен түсіндіруге бағыт алғанын атап өтті. Сонымен қатар, кеңесте талқыланатын мәселелердің басымдысы салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың ұсыныстары қоғамдық ұйымдардың уәкілдері арқылы жасақаталатынына назар аудартты.

Кеңес отырысында  қазіргі кезге дейін кәсіпкерлерді алаңадатып келетін - жыл сайынғы лицензиялық алымның еңгізілуі мен оның төлемі және он-лайн режимінде салық органдарына  мәліметтерді беріп отыратын бақылау –кассалық машинасының қолдануы туралы   екі маңызды мәселе қаралды.  

 «Шағын бизнес орталығы» ассоциациясының директоры  Ш.Ж.Махмудова  Кеңес мүшелеріне  сату көлеміне қатысты ішімдік өнімдерін  сататын дүкендердің лицензиялық алым сомасын кеміту, жыл сайынғы төлемді төлейтін мерзімді 1- тоқсанның аяғына дейін ауыстыру туралы мәселелерді  талқылауды ұсынды. 

Талқылау қорытындысы бойынша осы мәселелерді әрі қарай БҚО Кәсіпкерлер палатасында  қарау жөнінде  шешім қабылданды.  

   Ал 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енетін бақылау –кассалық машинасының (БҚМ) қолдануымен қаражат есептілік  туралы мәліметті салық органдарына  беру  мәселесі қатысушылар арасында қызу талқынуға түсті. Бизнес уәкілдерін  БҚМ сатып алу, оның құны, электроқуат болмаған және тағы басқа жағдайларда кассалық аппаратың жұмысы туралы сұрақтар алаңдатты.

Бизнес қауымдастығының уәкілдері салық әкімішілендіру тәсілдерін жетілдіру, жойылу процедураларын жеңілдету жөнінде  өз ұсыныстарын жасады. 

         БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры К.Ғ.Абсаттиров сыртқы сауда да заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлік қызметтегі кедергілер туралы және әкімшілік кедергілерді бірлесіп жою  жолдарын талқылауда мүдделі адамдарға Консультативтік кеңестің маңыздылын атап өтті. 

         БҚО бойынша МКД басшысы Кеңес отырысын қорытындылап, отырыста қаралған мәселелердің маңыздылығын және өзара ықпал жасау арқылы кәсіпкерлермен байланыстың қажеттілігін жеткізді. 

Салық және кеден заңнамасындағы жаңалықтар мен өзгерістер облыстық, қалалық БАҚ, радио және теледидар бағдарламаларында жарияланатынын, сондай-ақ барлық кедендік ресімдеу орындарында ақпараттық-түсінік беру пункттерінің жұмыс жасайтыны жөнінде хабардар етті.

       Ал Консультативтік кеңестің мүшелері  нормативтік актілердегі өзгерістер туралы ақпараттардың дер кезінде жеткізілуі,  шекаралас сауда көлемін кеңейту, жүктерді кедендік ресімдеу кезінде кәсіпкерлердің қызметтерінде қаттеліктерді болдырмау мөмкіндігін атап көрсетті.

         Отырыстың соңында  Департаменттің басшысы тиімді әңгіме үшін  Консультативтік кеңестің мүшелеріне алғысын білдіре отырып, салық және кеден процедураларының жетілдіруіне бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті берген тапсырмалардалдын орындалуын қамтамасыз ету бойынша Департамент қызметкерлерінің алдындағы міндеттерге де назар аудартты. 

Белгіленген міндеттердің орындалуы алдымен Департамент қызметкерлерінің жауаптылығына және орындаушылық тәртіптеріне байланысты, сондықтан да салық, кедендік әкімшілендіруді жетілдіру,  салықты толық өндіруді қамтамасыз ету, кадрлардың жауаптылығын арттыру бойынша әлі де шаралар қабылданатын болады.

 

 

БҚО бойынша МКД-нің баспасөз қызметі