Жарияланған күні: 10.01.2019 12:22
Өзгертілген күні: 10.01.2019 12:23

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастырудың салықтық әкімшілендіруі туралы мынаны хабарлайды.    

            «Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабының 1 тармақтың 9) тармақшасы бойынша (Салық кодексі) Салық кодексінің 543-бабының 5) тармақшасында аталған уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар Салық кодексінің 88-бабының 4 тармақтың 2 азат жолына сәйкес уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды   жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

            Осы уақытта Уәкілетті ұйымдардың қолма-қол шетелдік валютамен жасалатын айырбас операциялары және тауарлармен электрондық сауда – жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның (бұдан әрі – Хабарлама) функционалы БСАЖ АЖ және «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – ЕЛ МДБ) іске асырылған.

            БҚО бойынша МКД сайтында http://zko.kgd.gov.kz орналастырылған жекелеген қызмет түрлерін – уәкілетті ұйымдармен қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын және тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші ретіндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны «БСАЖ» АЖ-не енгізу туралы  нұсқаулық
 

БҚО бойынша МКД