Жарияланған күні: 05.04.2021 17:14
Өзгертілген күні: 05.04.2021 17:17

Темекі өнімдерін сату үшін қымбат жабдық сатып алудың қажеті жоқ, электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы markirovka.kz сілтемесі бойынша тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінде тіркелу жеткілікті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

«2D сканердің дұрыс жұмыс істеуі үшін онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын қосу қажет. Тауарлар номенклатурасын жаңартуға қосымша шығындарды болдырмау үшін www.ismet.kz сайтында онлайн-БКМ тауарлар номенклатурасын өз бетінше қосу бойынша нұсқаулықтар орналастырылған. Тауарлар номенклатурасын жаңартқаннан кейін 2D сканер сандық таңбалауды дұрыс оқиды. 2Д сканердің құны 25 мың теңгеден бастап 100 мың теңгеге дейін», - деп айтты Ж.Іңкәрбаев.

2Д сканерлерге балама ретінде «Naqty Sauda» (Android және IOS) тегін мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Кәсіпкерлерді қолдау және мәселелерді талқылау үшін «Markirovka Qoldau» тelegram-чаты белсенді жұмыс істейді.           2021 жылғы 18 ақпаннан бастап Тауарларды таңбалау жөніндегі бірыңғай оператор «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.

Тауарларды таңбалау мәселелері бойынша тәулік бойы 8 800 080 6565 тегін «шұғыл» желі жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті Бірыңғай оператормен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, ТТҚ АЖ-мен жұмыс жасау бойынша арнайы оқыту бағдарламасын іске қосты.