Жарияланған күні: 06.06.2016 16:49
Өзгертілген күні: 06.06.2016 16:52

      Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Мемлекеттік қызметтер реестрін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 27 сәуірдегі және  05.09.2015 жылдан бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы,   25.09.2015 жылы күшіне енген № 983 Қаулысына сәйкес 24 қызметтер бойынша альтернативті түрде ХҚКО арқылы төмендегі қызметтер көрсетіледі:

  1. «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  2. «Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  3.  «Салық төлеушілерді тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
  4.  «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  5. «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  6. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  7. Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  8. «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  9.  «Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  10.  «Алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  11.  «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  12.  «Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  13. «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  14.  «Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  15.  «Қазақстан Республикасының резинденттігін растау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  16. «Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)»;
  17. «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  18.  «Салық есептілігін керi қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  19.  «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  20. «Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты;
  21. «Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  22.  «Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  23. «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;
  24. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер;

Бұл қызметтертердін (21) көпшілігі  электронды үкімет порталында автоматтандырылған, сондықтан дербес алуға болады.

 

 

                      Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының

                                                                 салық заңнамаларын түсіндіру бөлімі