Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті корпоративтік табыс салығы декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабын 2019 жылдың 21-қаңтарынан кешіктірмей тапсыру қажеттігін ескертеді.
Салық кодексінің 305-бабына сәйкес, салық төлеушілер төмендегі есепті жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады:
- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын – салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктірмей;
- алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын - салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірмей.
БҚО бойыншаМКД