Жарияланған күні: 05.04.2021 17:13
Өзгертілген күні: 05.04.2021 17:14

ТІЖ енгізу көлеңкелі тауар айналымының жолын кесу үшін пәрменді шара болып табылады, себебі жалған жүк алушыларға, банкроттарға және таратылған тұлғаларға ТІЖ ресімдеу мүмкіндігі болмайды.

ТІЖ сондай-ақ жалған транзит фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

2019 жылы ҚҚС төлеуден жалтару мақсатындажалған жүк алушыларға тауарлар импортынресімдеу автокөлік құралдарының жалпы санының16% - ын құрады немесе әрбір 6 автомашина бойынша ҚҚС төленбеді.

2020 жылы транзитті мәлімдеген 81,7 мыңАКҚ-ның 9,3 мың АКҚ (11%) ҚР аумағындажанама салықтарды төлемеді, олар бойынша залал4,6 млрд.теңгені құрады.

«Мысалы, 2020 жылғы 4 қыркүйекте тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде АӨП-ні РФ-дан Қырғыз Республикасына транзитпен кесіп өту кезінде бұрын жалған транзиттің 3 фактісін жасаған тасымалдаушы анықталды. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында ҚР-да тауарды нақты алушы анықталды және 774 мың теңге сомасында ҚҚС төлеу қамтамасыз етілді», - деп хабарлады Ж.Іңкәрбаев.

Сондай-ақ, ҚҚС төлеуден жалтарусхемаларының бірі жалған алушыларға тауарғаілеспе құжаттарды ресімдеу болып табылады. Мәселен, 2020 жылы жалған алушылардың атынатауарларды әкелудің 664 фактісі анықталды, оларбойынша залал 332 млн.теңгені құрады.

«Мысалы, 2020 жылы «БАНАНА ХИТ» ЖШС жалпы құны 483 млн.теңгеге 235 АКҚ-ға тауарлар импорттады. Аталған кәсіпорынның басшысытауарлар импортына қатысы жоқтығы туралытүсініктеме берді. Шығын 58 млн. теңгеніқұрады», - деп толықтырды Ж.Іңкәрбаев.

Шағын орта кәсіпкерлікті салық салудан толықбосатылғанына қарамастан, көлеңкеліайналымдардың үлесі елеулі болып қалатынын атапөткен жөн. Оған дәлел онлайн-БКМ қолданбаужәне чектерді басып бермеу болып табылады.