Жарияланған күні: 15.11.2018 18:48
Өзгертілген күні: 15.11.2018 18:49

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен 2018 жылдың 21 мамыр айынан бастап «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» кезекті акциясын өткізуде.

Қазақстан Республикасы бойынша акцияға белсенді қатысушылар  санында Батыс – Қзақстан облысы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Қатысушылар саны -  2 213, түбіртек саны – 65 436. 

Кездейсоқ таңдау әдісімен қыркүйек  айы бойынша ұтыс ойнының жүлдегерлері анықталды олар: Мадиева Райса Беккалиевна (Орал қаласы), Утаубаев Арман Магалымович (Қаратөбе ауданы) и Беккалиева Сандугаш Амангелдиевна (Бөрлі ауданы). Жүлдегерлерге «Elenberg AMG 30» маркалы ет тартқыш табыс етілді.

Акция 2018 жылдың 30 қарашаға дейін жалғасуда,  ай сайын құнды сыйлықтар ойнатылып, жыл соңында бас жүлдеге ChevroletAveo автокөлігі ұтысқа салынады.

Барлығыңызды «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырамыз. Қаншалықты көп түбіртек жіберсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

 

                                                                           БҚО бойынша МКД