Жарияланған күні: 04.04.2019 10:26
Өзгертілген күні: 04.04.2019 10:26

Жаңа заңға сәйкес, оңайлатылған декларация бойынша ЖК үшін шекті табыс мөлшері 298 млн теңгеге дейін артады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бизнес-ортаның даму және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа заңға сәйкес, оңайлатылған декларация бойынша ЖК үшін шекті табыс мөлшері 298 млн теңгеге дейін артады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін инфрақұрылымды дамыту мақсатында заңда оңайлатылған декларация бойынша жұмыс істейтіндер үшін ҚҚС бойынша шегін 114 184 АЕК-ке және оңайлатылған декларация бойынша шекті кірісті 70 048 АЕК-ке ұлғайту көзделген.

Егер бүгінгі күнге дейін ҚҚС бойынша шекті 75 млн теңгені құраса, енді бұл мөлшер жеке кәсіпкер жеңілдетілген декларация бойынша тауарларды есепке алу жүйесінен, онлайн-БКМ мен POS-терминалдан тұратын үш компонентті интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырған жағдайда 364 млн теңгені құрайды.​

Заңда сондай-ақ онлайн БКМ сатып алу кезінде патент және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту мүмкіндігі қарастырылған.