Жарияланған күні: 17.02.2021 13:31
Өзгертілген күні: 17.02.2021 13:31
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында артық төлемді басқару сервисі іске асырылды.
Атап айтқанда, ол бір салықтан артық төлемді басқа салықтарға аудару арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар қаражатты банктік шотқа қайтаруға болады.
«E-salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Артық төлем» салымында салық төлеушінің қандай салықтар бойынша артық төлем жасалғаны және артық төлеммен қандай іс - әрекеттерді жүргізгісі келетіні - не басқа салықтарға есепке жатқызатыны, не өзінің банктік шотына қайтаратыны көрсетіледі.
Ол үшін шоттың деректемелерін, банкті және қайтару жүргізу үшін соманы көрсету қажет.