Жарияланған күні: 06.01.2017 16:18
Өзгертілген күні: 06.01.2017 16:22

Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Парламент Мәжілісінің депутаты Е.С. Никитинскаямен кездесу болып өтті.

 Департамент басшысының орынбасары Б. Қайдаров кездесуді аша отырып, бұл күндері елімізде мәжіліс депутаттары халықпен, бизнес-құрылымдары, екбек ұжымдарымен кездесіп, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысымен, парламенттің заң шығарушылық жұмыстарымен таныстыруда екенін айтып өтті.

Департамент қызметкерлері мен орта және шағын бизнестің мүддесін қорғайтын қоғамдық ұйымдар өкілдері алдында Е.С. Никитинская Қазақстан Республикасының салық салу мен кедендік әкімшілендіру  мәселері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге қысқаша тоқталып өтті.

Б.Н. Қайдаров  салықтық және кедендік қызмет көрсетулер түрлері, олардың тиімділігін арттыру, оңтайландыру мәселелері туралы айтты. Сонымен қатар, жергілікті   бюджеттің жылдың болжамының орындалуы 123,5%(57 млрд.теңге) , республикалық бюджет 108,5% (165,6) млрд.теңге) орындалғанынан хабардар етті. 2016 жылдың басынан бастап бюджетке 20 млрд.теңге қосымша түсімдер түскен, бұл көрсеткіш өткен жылдағыға  қарағанда 1,4 есе жоғары болып отыр.  

Экономикалық тергеулер қызметі  бойынша 269 қылмыстық істер өндірісте болған,оның 199 –ы ,яғни 74% органның өзімен тіркеліп, өндірістегі істердің 176 –сы, яғни 65,4%  аяқталған.

 Депутат  Департаменттің құрылымдық бөлімдеріндегі жұмыстардың ұйымдастырылуымен, «Орал-кедендік рәсімдеу орталығы», Орал қаласы бойынша МКБ «Ақпараттарды қабылдау, өңдеу орталығы» жұмысымен танысып,  салық міндеттемелерін орындауда салық төлеушілердің дербестігі мен белсенділігі сұрай келе,  кездесетін проблемалар және оларды шешу жолдары туралы Парламенттің тиісті органдарына жеткізуге уәде етті.

ҚР Мәжілісі Парламентінің депутатымен бірге кездесуге «Ақ жол» ХДП БҚО филиалының бірінші орынбасары Т.С.Сапаров, осы партия ұйымының мүшесі В.П. Власов қатысты.

                                                                                              

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   БҚО бойынша МКД