Жарияланған күні: 24.09.2018 19:36
Өзгертілген күні: 24.09.2018 19:37

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату камералдық бақылау жүргізілмей, мына құжаттардың бірінің:

      1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің;

      2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

            Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

      1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;

      2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

      3) салық Кодекстің 88-бабының 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;

      4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша салықтық тексерулер жоспарында немесе ішінара салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;

      5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

            қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде:

      1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті;

      2) таратудың салықтық есептілігін;

      3) бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

            Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған салықтық кезеңнің басынан бастап осындай өтініш ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.

            Мемлекеттік кірістер органдары дара кәсіпкерді салық міндеттемелерін орындаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеуден шығару туралы ақпаратты орналастырады.

БҚО бойынша МКД