Жарияланған күні: 18.07.2023 12:29
Өзгертілген күні: 18.07.2023 12:30

2023 жылғы 17 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Қазбекұлы Айнабековтің салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Департаменттегі қысқа мерзімді еңбек қызметі үшін Бауыржан Қазбекұлы өзінің көшбасшылық және үздік адами қасиеттерін көрсете отырып, ұжымның ажырамас бөлігіне айналды.

Департамент қызметкерлері Бауыржан Қазбекұлына бірлескен еңбегі және Департамент жұмысына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, қызметтің барлық салаларында денсаулық пен амандық тіледі.