Жарияланған күні: 21.06.2018 16:55
Өзгертілген күні: 21.06.2018 16:57

Мемлекеттік қызметтің жиырма жылдығына раналған «20 қайырымды іс» республикасылық акциясы аясында  Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері өз күштерімен тағдырдың қиын жағдайына кез болған аз қамтылған және толық емес көп балалы отбасыларға көмек көрсетті. Жоспар бойынша осындай қайырымдылық шаралары барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларымен өткізілді.

         «20 қайырымды іс» акциясы Департамент қызметкерлерімен Желаев ауылында тұратын балаларын жалғыз асырап отырған ана Айболатова Гулайым Бактыгерейқызының  отбасына көмек көрсетуден басталды. Азық түліктің бастапқы қажетті түрлері, яғни ұн, шекер, күріш, макарон, қарақұмық, өсімдік майы, тәттілер  апарылды.

         Гулайымның кішкентай балаларына ойыншықтар берілді.

         Осындай шара Сырым ауданында да өткізілді. Сырым ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тоқсан сайын Сырым ауданы Өлеңті ауылында тұратын Утепкалиева Карылғаштың отбасына көмек көрсетіп тұрады.

          Сонымен қатар жыл басынан бастап Департаменттің бөлімшелерінің 17 қызметкері дәрігерлердің өтініштеріне құлақ түріп, сырқат жандар үшін қан тапсырды. Әрбір қызметкер қан тапсыра отырып, бір адамның өмірін сақтап қалатынына үміттенеді, сенеді.

         Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері осындай қайырымдылық акциялары көмекке мұқтаж жандарға дер кезінде қол ұшын созуға ықпал ететініне нық сенімді.