Жарияланған күні: 16.03.2023 10:30
Өзгертілген күні: 16.03.2023 17:56
Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киім тауарлары таңбалануға жататынын сіздің назарыңызға жеткізеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығымен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларының (бұдан әрі - таңбалау қағидалары) 11-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім тауарларының қалдықтарын айналымға және айналымнан шығаруға 2023 жылғы 1 сәуірге дейін жол беріледі.
Тиісінше, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап таңбаланбаған аяқ киім тауарларының айналымына тыйым салынады.
Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу болып табылады.