Жарияланған күні: 19.02.2019 19:00
Өзгертілген күні: 19.02.2019 19:03

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет Басшысының тапсырмасы сәйкес 25 АЕК-ке дейінгі табыстары бар жұмысшылардың салық ауыртпалығын төмендету мақсатында, ҚР Салық кодексінің 341-бабының 1 тармағын 49 тармақшамен толықтырылды , осыған сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын табысынан, 25-еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын қызметкердің салық салынатын табысы алынып тасталады. 2019 жылы - 63 125 теңге), осындай табыстың сомасынан 90% көлемінде.

Сонымен қатар, осы санаттағы қызметкерлердің  әлеуметтік қорғау мақсатында жұмыс берушілердің өз қаражаты  есебінен төлейтін  мөлшері (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар) әлеуметтік аударымдар мен төлейтін қызметкерлерінің табысынан төленетін  міндетті зейнетақы жарналары мөлшері , бұрынғы деңгейде сақталады.

         "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізут уралы" ҚазақстанРеспубликасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VІ заңын іске асыру үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметі қаулысының жобасында көзделген. Бұл ретте көрсетілген түзетулер 2019 жылғы 1қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын болады.

 

Мысалы, қызметкердің алатын табысы 63 125 теңгені құрайды: - міндетті зейнетақы жарналарының 10% - ы (әлеуметтік аударымдар төленбейтін) - 6 312,5 теңге (63 125 * 10%);

- әлеуметтікаударымдар сомасы-1 989 теңге (56 812,5 * 3,5%). Осылайша, кезінде алынған табыс 63 125 теңге, міндетті зейнетақы жарналары құрайды - 6 312,5 теңге, әлеуметтік аударымдар – 1 989 теңге.