Жарияланған күні: 12.04.2019 11:28
Өзгертілген күні: 15.04.2019 17:41

Батыс Қазақстан облысының әкімі бекіткен көлік салығы бойынша салық берешегін өндіріп алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары, сондай-ақ Орал қаласы бойынша МКБ мамандары «Ақжайық Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдерімен және БҚО ІІД Жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар өткізуде. 

         Іс-шара қорытындысы бойынша 562 автокөлік иесіне хабарлама мен ескерту берілді.

         Рейд қорытындысы бойынша 316 жеке тұлғалармен жалпы сомасы 2916,8 мың теңге өлшемінде көлік құралдарына салық бюджетке төленді.

         Облыс және Орал қаласы тұрғындарының назарына жеткіземіз, өндіріп алу шараларын қолдануды болдырмау үшін көлік құралдары бойынша салық берешегін төлеу қажет.

БҚО бойынша МКД